RU

Ресейлік дәрігерлер КВИ-мен күресу үшін Қазақстанға ұшып келді

Telegram logo VKontakte logo

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің Қазақстанға жіберуге уәде еткен ресейлік дәрігерлері Нұр-Сұлтанға келді. Ақ халаттылар тобына түрлі профильдегі 32 маман кіреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚР СІМ-нің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.

Ресейден келді

Фото: t.me/pressmfakz: UGC

Қазақстанға Ресей Федерациясы мен Роспотребнадзордың 32 дәрігері келді, олардың ішінде - эпидемиологтар, вирусологтар және басқа да бағыттағы дәрігерлер бар.

Арнайы рейсті 6 шілдеде Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырды.

Келген сарапшылар өздерінің қазақстандық әріптестеріне кеңес беріп, COVID-19 пандемиясымен күресте көмектеседі деп күтілуде.

Қорытындылай келе, ішкі істер министрлігі Ресей үкіметіне көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екі елдің үкімет басшылары - Асқар Мамин мен Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме барысында олар коронавирус пандемиясымен күресудің бірлескен шараларын талқылады.

Сол кезде Михаил Мишустин Ресей тарапы елде инфекциялық аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханаларды орналастыратын мамандарды жіберіп, Қазақстанға көмектесуге дайын екенін айтты.

Айта кету керек, Қазақстанда соңғы бір аптада коронавирус инфекциясынан 76 науқас қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ресейлік дәрігерлер КВИ-мен күресу үшін Қазақстанға ұшып келді