Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иіс сезуден қалып, тыныс алу ауырлағанда не істеу керек екенін білесіз бе

Опубликовано:

"Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доценті Нұрила Малтабарова ел тұрғындарына иіс сезуден қалып, әлсіздік пен тыныс алу ауырлағанда үрейге бой алдырмау керектігін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы Нұрила Малтабарова оңтүстік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, түрлі себептер иіс сезуден қалуға себеп болуы мүмкін.

"Тіпті адам психо-эмоциналды күйге түскен кезде, ашуланғанда иіс сезбей қалуы ықтимал. Сол себепті иіс не дәм сезуден қалған кезде үрейге бой алдырмаңыздар. ПТР-тесті қай жерден тапсыру қажеттігін іздеп жүгірудің, компьютерлік томографиядан немесе рентгеннен өтудің керегі жоқ. Симптомдары дамуы үшін бақылау, күту қажет. Иіс сезуді жоғалту симптомы ғана мұның коронавирус екендігін білдірмейді", - деді медицина ғылымдарының кандидаты.

Сонымен қатар сарапшы тыныс алу ауырлап, жөтел пайда болған кезде не істеу керектігін айтып берді.

"Коронавирус инфекциясы симптомдарының бірі - бұл жөтел мен тыныс алудың ауырлауы. Егер жөтел бар, ал тыныс алу ауырламаса онда бұл сізде коронавирус инфекциясы жоқ дегенді білдірмейді. Себебі, тыныс алудың ауырлауы - бұл ауру ағымының нашарлап, тереңдей түскенін білдіреді. Сол себепті жөтел болған кезде белгілі бір деңгейде сақтық болуы керек. Учаскелік дәрігерге міндетті түрде қаралып, симптомдары пайда болғанын айтқан жөн. Өздігінен емделуге, тыныс алу ауырламаса коронавирус инфекциясы жоқ деп ойлауға болмайды",- деді доцент.

Нұрила Малтабарова әлсіздік сезімінің пайда болуы көптеген ауруларға тән екендігін білдірді.

"Әлсіздік сезімінің пайда болуы тек коронавирусқа ғана емес, басқа да көптеген ауруға тән. Бүкіл әлем індетпен күресіп жатыр. Әрине, біз коронавирус індетіне басымдық береміз. Егер әлсіздік болса, онда оған мән беріп, дәрігерге қаралу керек. Әлсіздікпен қатар басқа да симптомдар болуы ықтимал. Алайда, әлсіздік - бұл коронавирус белгісі деуге және үрейге бой алдыруға болмайды. Жанама симптомдарсыз әлсіздік пайда болмайды", - деді медицина ғылымдарының кандидаты..

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 48 574 адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың жарымға жуық науқас тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863676-maman-iis-sezuden-kalyp-tynys-alu-auyrlaganda-ne-isteu-kerektigin-ajtty/

pixel