Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируспен ауырғанда дене шынықтырумен айналысуға бола ма

Опубликовано:

Астана медицина университеті Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина ел тұрғындарына коронавируспен ауырған кезде дене шынықтырумен айналыспауға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бұл туралы Баян Тұрдалина оңтүстік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, сау иммунитет кез келген жұқпалы процестің жеңіл немесе симптомсыз өтуіне әсер етуі ықтимал.

"Коронавируспен ауырмаймын деп дене шынықтырумен қарқынды айналысу, яғни ағзаға артық жүктеме түсіру де дұрыс емес. Олардың барлығы нормаға сәйкес, біркелкі болуы тиіс. Әрине, иммунитет жақсы болуы үшін жүгіру, жүру, дене шынықтырумен айналысу керек", - деді инфекционист-дәрігер.

Сарапшы аурудың жұқпалы процесі жедел кезеңде болса, онда дене шынықтырумен, жаттығулармен айналысуға кеңес берілмейтінін жеткізді.

Тұрдалинаның пікірінше, психико-эмоционалды тыныштықты сақтау қажет.

"Әрине, нормаланған жүктеме болу қажет. Алайда, дәрігерлер аурудың жедел кезеңінде дене шынықтырумен айналысуға кеңес бермейді", - деді Астана медицина университеті Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 48 574 адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың жарымға жуық науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егілетінін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863679-koronaviruspen-auyrganda-dene-synyktyrumen-ajnalysuga-bola-ma/

pixel