RU

"Аяғы ауыр": Кең киім кие бастаған Әуелбекованы көпшілік сұрақтың астына алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Екінші мәрте тұрмысқа шыққан Мөлдір Әуелбекова желідегі белсенділігін бәсеңдетті. Қайтадан жар атанған әнші суреттерін өте сирек жариялайтын болған. Өнер иесінің соңғы салған фотолары тіптен қызу талқыланып кетті. Оқырмандар онда эстрада жұлдызының іші шығып қалғанын байқап, оны сұрақтың астына алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/moldir.auyelbekova.

Фото: Instagram/moldir.auyelbekova.: Instagram

Мөлдір Әуелбекова біраз уақытын елордада өткізіп, Алматыға қайта оралды. Әнші оңтүстік астанаға келе салып, бірден Көлсай көлдеріне жол тартқан.

Ол табиғат аясында өткен демалысындағы фотолармен бөлісіп, желіде қызу пікірталас тудырды. Өнер иесінің табынушылары оның кең киім кие бастағанына орай, аяғы ауыр екенін болжады.

Кейбір оқырмандар тіпті жұлдыздың іші шығып қалғанын байқағанын жазған.

"Мөлдір ханымның аяңы ауыр. Енді күмін жоқ. Құтты болсын. Салтайға серік болсын" , "Аяғы ауыр ма" , "Жүкті сияқты ғой" , "Кең киім көп болып кетті. Енді себебі түсінікті болғандай. Екінші сәбиіңізді күтіп жүрген сияқтысыз" , "Аяғы ауыр секілді. Құттықтаймыз Мөлдір ханым" , "Бақытты болыңыз, көп болыңыз" , - деп жазуда көпшілік Instagram желісінде.

Тағы да оқыңыздар

"Айтарым бар": Дене қызуымен қыз ұзатпақ болған ару желіде ақталды (видео)

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелебекованың жанкүйерлері бұған дейін де оның жүктілігін болжаған болатын. Олар елордада кең киіммен серуендеп жүрген әншінің жүрісінен оның аяғы ауыр екенін байқап қалғанын жазған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Аяғы ауыр": Кең киім кие бастаған Әуелбекованы көпшілік сұрақтың астына алды