RU

ДСМ Ресейден келген дәрігерлердің қайда жіберілетінін айтты

Бұған дейін Мәскеуден ресейлік дәрігерлерді алып келген арнайы рейстің Нұр-Сұлтанға қонғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі көрші елдің мамандары қайда жіберілетінін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ДСМ Ресейден кеген дәрігерлердің қайда жіберілетінін айтты
Фото: ҚР ДСМ баспасөз қызметі: UGC

Ресейден ұшып келген дәрігерлер тобы бұрын коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істеген инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог және пульмонолог мамандардан тұрады.

Олардың қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ індетке қарсы күресте кеңес беру үшін келгендері белгілі.

Ресейлік дәрігерлер елорданың медициналық ұйымдарына көмектеседі деп хабарланды, сол себепті оларды жан-жаққа бөліп тастауға шешім қабылданды.

  • Осылайша, дәрігерлер төрт муниципалдық мекемеге бөлінеді.

Олардың ішінде - көп бейінді медициналық орталық (медблок), көп бейінді қалалық жұқпалы аурулар орталығы, №3 қалалық балалар ауруханасы, сондай-ақ №1 көп бейінді қалалық аурухана (акушерлік блок) бар.

Бұл дәрігерлерді көмекке мұқтаж аймақтарға жіберуге болатындығы да айтылды. Бұл мәселе қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейлік дәрігерлер КВИ-мен күресу үшін Қазақстанға ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863691-dsm-resejden-kegen-drigerlerdi-kajda-ziberiletinin-ajtty.html