RU

Тағы 1109 науқас: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 50 мыңға жуықтады

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1109 адам тіркелді.Осылайша, елімізде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 49 683-ке жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Комиссия Қазақстанда коронавирус бойынша 2020 жылдың 6 шілдесінде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет ұсынды.

Өткен тәулікте тіркелген 1109 науқастың 460-ында ауру белгілері бар, ал 649-ында ауру бегілері жоқ.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 95

Алматы қаласы - 157

Шымкент қаласы - 39

Ақмола облысы - 32

Ақтөбе облысы - 86

Алматы облысы - 51

Атырау облысы - 101

Шығыс Қазақстан облысы - 62

Жамбыл облысы - 59

Батыс Қазақстан облысы - 128

Қарағанды облысы - 93

Қостанай облысы - 63

Қызылорда облысы - 7

Маңғыстау облысы - 13

Павлодар облысы - 52

Солтүстік Қазақстан облысы - 19

Түркістан облысы - 52

Соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус індетінен көз жұмғандардың саны 264-ке жетті.

Еске сала кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Соған сәйкес, Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863700-tagy-1109-zagdaj-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandardy-sany-50-myga-zuyktady.html