RU

80 жастағы зейнеткердің өліміне өзінің мысығы себеп болды

Австралияның Мельбурн қаласының тұрғыны мысығы тырнап, жалағаннан кейін қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Зейнеткер мысығының салдарынан көз жұмды
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Марқұмның туыстарының айтуынша, олар 80 жастағы әйелді төсекте, мысықтың жанында ес-түссіз күйде тапқан.

Ал дәрігерлер тексеріс кезінде оның денесінде бактериялық менингит тудыратын пастерелла мультицидін тапқан.

Зейнеткер тоғыз күн комада жатыпты, алайда содан кейін ол өмірді қамтамасыз ету құрылғысынан ажыратылды.

Жергілікті жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Линдсей Грейсонның айтуынша, иелер мысықтарға ашық жараларды жалауға жол бермеуі керек. Сонымен қатар, иммундық жүйесі бұзылған адамдар бұл үй жануарларынан мүлдем аулақ болу керек деп ескертті ол.

Айта кету керек, бактериалды менингит дегеніміз - бұл бактериялық инфекциядан туындаған ми мен жұлынның мембраналарының қабынуы.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та 68 жасында әлемдегі ең қарт сиам егіздері Ронни мен Донни Гэлион қайтыс болды.

Осыдан шамамен 10 жыл бұрын Ронни мен Донни қамқорлығында болу үшін Огайо шататында тұратын ағасы Терридің қолында баруға мәжбүр болған еді.

Сол кезде 200-ге жуық ерікті тұруға ыңғайлы болуы үшін оның үйін жөндеп берген болатын.

Дегенмен денсаулық жағдайлары нашарлап кеткен соң егіздерге ол үйден хосписке көшеуге тура келген. Ол жерде оларға арнайы мамандар қараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863703-80-zastagy-zejnetkerdi-limine-zini-mysygy-sebep-boldy.html