RU

Коронавирустың еркектерді белсіздікке ұшырататыны рас па

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің балалар мен жасөспірімдер бас гинеколог маманы Елена Уварова коронавируспен ауырған ер адамдар бедеулікпен бетпе-бет келуі мүмкін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Медицина қызметкерінің сөзінше, COVID-19 вирусы ұрықтың белсенділігін 38 пайызға азайтады.

"COVID-19 індетіне байланысты, әсіресе, еркектердің бедеулігі бойынша мәселе туындап отыр. Коронавирус жұққан азаматтардың ұрық сапасы шамамен 38%-ға төмендеді. Ал Ресейдегі ер-азаматтардың ұрығы онсыз да жақсы емес еді", - деді маман.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 50 мыңға жуық адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың бір жүз тоғыз науқас тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өткен еді.

Вице-премьер елдегі күрделі жағдайдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты. 

Сондай-ақ бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863713-koronavirusty-erkekterdi-belsizdikke-syratatyny-ras-pa.html