Выйти
RU

Санитайзер сатып, ақша тапқан ерлі-зайыптылар таңғалдырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиядан шыққан Эндрю мен Рэйчел Монтегю есімді ерлі-зайыптылар 12 апта бұрын елде карантин басталғанда санитайзер сатумен айналыса бастаған. Ал араға үш ай салып қос ғашық 30 млн фунт стерлинг пайда тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Санитайзер сатып, ақша тапқан ерлі-зайыптылар таңғалдырды

Фото: twitter.com/DailyMirror

Төрт баланың ата-анасы пандемияға дейін кішігірім кәсіппен ғана айналысып жүріпті.

Ал коронавирус инфекциясы пайда болған кезде олар халық үшін пайдалы болар жолмен ақша табуды жөн көріп, ClearWater Hygiene атты компанияны құрған.

Олар санитайзерлер сатумен айналысатын болып шешіпті. Бүгінгі таңда фирма апта сайын 900 000 литр өнім өндіреді.

"Наурыз айында карантин жарияланғаны туралы жаңалық пайда болғанда Ұлыбританияда өндірілетін өнімдерге аса назар аудару керек екенін түсіндік. Осылайша, біз медициналық мекемелер мен жекеменшік кәсіпорындарды індетке қарсы сапалы өніммен қамтамасыз ете алдық", - дейді олар.

Тағы да оқыңыздар

"Той жасайды": Тоғжанов елде вирустың кең таралуына не себеп болғанын айтты

Ерлі-зайыптылар өз қызметін жергілікті Deeside Jin ішімдік зауытында ұйымдастырды. Ал санитайзердің өзі Англиядағы басқа зауытта бөтелкелерге құйылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ерлі-зайыптылардың карантин кезінде үйінің ауласынан бар ашып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Санитайзер сатып, ақша тапқан ерлі-зайыптылар таңғалдырды