Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалушылар Каспий теңізіндегі итбалыққа тас лақтырды (видео)

Опубликовано:

Итбалық12
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтаудағы демалушылардың Каспий теңізіндегі итбалыққа тас лақтырғаны туралы бейнеролик қазақстандықтардың ашуын туғызды. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілі Сәкен Ділдахмет жағдайға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желіде 2020 жылдың 6 шілдесінде пайда болды.

"Итбалық адамдарға шабуыл жасауды көздемей, қызығушылық танытып, жақындаған. Жас және ойнақы. Табиғатта итбалықтар өте қызыққұмар әрі айналаға еш зиянсыз болып келеді. Бірақ кез келген жабайы аң оған шабуыл жасалса, агрессиясын көрсете алады. Өкінішке қарай, отандастарымыз ақ пейілді аңға жабайылықпен қараған", – деді Ділдахмет.

Ол басқа елдердегі дельфиндер, итбалықтар, морждар мен тіпті акулалар адамдарға жақын қашықтықта тыныш жүзіп жүргенін атап өтті.

"Достар! Тату өмір сүріп, табиғатты қорғайық. Адам болайық!", – деп үндеу жасады.

Сондай-ақ, ол каспийлік итбалықтың баласы ақүрпектің мұрағаттағы видеосымен бөлісті.

Кейіннен резонанс туғызған видеоның Жадыра есімді авторы итбалықтың адамдарды тістеген фактілері болғанын түсіндірді. Олар тас лақтырып, аңды қуып жібермек болды. Нәтижесінде аң тірі қалып, ары жүзіп кетті.

Қазақстандық вайнерлер бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қанаушыларды қалай жазалайтыны туралы сатиралық ролик түсірді.

Видеоның сюжеті бойынша полицей итбалыққа тас лақтырған адамның үйіне келіп, өз әрекетін камера алдында мойындауға мәжбүр етеді.

Еске сала кетсек, ер адам иттің басын тоңазытқыштың есігімен қысып, тұншықтырған кезде де жағдай дәл осылай болған еді.

Атырауда жеті қазынаның бірі – итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалған болатын.

Сөйтіп, Атырау облыстық полиция департаменті итті тоңазытқыш есігімен тұншықтырып қорлаған Еркінқала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Ер адам жасаған ісіне өкінетінін айтып, әлеуметтік желіде көпшіліктен кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863718-demalusylar-kaspij-teizindegi-itbalykka-tas-laktyrdy-video/

pixel