Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа үкімет түсініктеме берді

Опубликовано:

Премьер-министрдің баспасөз қызметі Асқар Мамин коронавирус инфекциясын жұқтырды деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Primeminister.kz
Фото: Primeminister.kz: UGC
"Жекелеген Telegram-арналарында жарияланған премьер-министр Асқар Маминде коронавирус инфекциясының анықталғаны жөніндегі ақпарат фейк болып табылады және шындыққа жанаспайды.
Қазіргі кезде үкімет басшысы кестеге сәйкес жұмысын жалғастыруда және 10 шілде күні мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізіп жатыр. Премьер-министрдің баспасөз қызметі ресми дереккөздердің ақпаратына ғана сенуге шақырады", - делінген хабарламада.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 50 мыңға жуық адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың бір жүз тоғыз науқас тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өткен еді.

Вице-премьер елдегі күрделі жағдайдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты. 

Сондай-ақ бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1863719-mamin-koronavirus-zktyrdy-degen-akparatka-kimet-tsinikteme-berdi/

pixel