RU

ДСМ барша қазақстандықтарды үйде болуға шақырды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан сақтану үшін қазақстандықтарды үйде болуға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ COVID-19 тарауына жол бермеу бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды үйде болуға шақырды
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Ведомство аурудың алғашқы белгілері байқалса, жергілікті дәрігерге үйден шықпай-ақ жүгінуге болатынын еске салды. Ол үшін электрондық үкімет порталы арқылы ауруханаға тіркеліп, дәрігерге жазылу қажет немесе оны үйге шақыру керек.

Министрлік қазақстандықтарға өз-өзін оқшаулау режимі мен басқа да шаралар коронавирустың тарауын тоқтатуға көмектесетінін айтты. Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 49 683 жағдайы тіркелген, 16 183 адам жазылып шыққан. Қатерлі дерттен 264 адам қаза тапқан, оның ішінде 76- сы осы аптада ауру құрбанына айналған.

Бір тәулікте мыңнан аса науқас тіркелді, олардың көбі - симптомсыз науқастар.

Айта кетейік, күні кеше Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің Қазақстанға жіберуге уәде еткен ресейлік дәрігерлері Нұр-Сұлтанға келді. Ақ халаттылар тобына түрлі профильдегі 32 маман кірген. Арнайы рейсті 6 шілдеде Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған. Келген сарапшылар өздерінің қазақстандық әріптестеріне кеңес беріп, COVID-19 пандемиясымен күресте көмектеседі деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863722-dsm-barsa-kazakstandyktardy-jde-boluga-sakyrdy.html