Выйти
RU

"Шошып отырмыз": Индира Расылханның анасынан пневмония анықталған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Индира Расылханның анасы пневмонияға шалдықты. Бұл туралы өнер иесінің өзі әлеуметтік желі арқылы хабарлаған. Ол анасының жағдайы нашарлап кетуіне байланысты жедел жәрдем шақыртуға тура келгені айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/indirarasylkhan.

Фото: Instagram/indirarasylkhan.

Индира Расылханның анасын құтқаруға келген медицина қызметкерлері бірден оның пневмонияға шалдыққанын жеткізген. Орын алған жағдайға қатты алаңдап жатқан әнші көпшіліктен көмек сұрап, анасы үшін дұға етіп қоюын өтінген.

"Менің Анашыма дұға етіп қойыңыздаршы ағайын. Жедел жәрдем шақыртып, пневмонияның бар екендігін айтып, шошып жатырмыз. Алла аман етсін деп тілеудемін. Дұғаларыңызға мұқтажбын" , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірауыздан оған қолдау білдіріп, анасына денсаулық тіледі.

Тағы да оқыңыздар

Дене қызуы көтерілсе де қыз ұзатпақ болған ару елдің қаһарына ұшырады (фото)

"Бәрі жақсы болады. Уайымдамаңыз, анашыңыз тез жазылып шығады" , "Алла шипасын берсін. Дұғадамыз" , "Алла шипа берсін, аналарымыз аман болсын" , "Аман болсын, жазылып кетсін" , "Алла жар болсын. Аналарымыз ауырмасын" , "Бәрі де жақсы болады. Алаңдамаңыз, өзіңіз де күтініңіз" , "Анаңыз ауруды еңсеріп шығады" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі жұлдызды дизайнер Берік Ысмайылов қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Шошып отырмыз": Индира Расылханның анасынан пневмония анықталған