Выйти
RU

Елімізде доллар бағамы 3 теңгеге қымбаттады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан қор биржасындағы таңғы сессияда бір доллардың орташа бағамы 408,83 теңге болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елде доллар бағамы 3 теңгеге қымбаттады

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Сонымен қатар, 6 маусым күні мұнай саудасы өсіммен жабылған.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,75% - ға, барреліне 43,04 долларға дейін көтерілді.

7 шілде Азия саудасында Brent маркалы мұнай бағасы $42,85 болды. Баға 0,43 пайызға төмендеді.

Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осындай қиын-қыстау сәтте жаппай дәрі-дәрмек сатып алып жатқан қазақстандықтарға үндеу жасады.

Бұл мәселені Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында көтерді.

"Кеше ғана 70 мыңға жуық дәрі дәрмекті жарты сағаттың ішінде сатып алып кетті. Осындай жағдайлар кездеседі. Сол себепті құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Өмір болған соң, әртүрлі жағдай болады. Қиын жағдайды сауда-саттыққа айналдыратындар да жоқ емес. Сол себепті бұндай жағдайларға куә болсаңыз, тез арада хабар беруді өтінеміз", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Шымкент тұрғыны тегін таратылуы тиіс дәрілерді сатып келген

Вице-премьер интернеттен түрлі емдеу жолдарын оқып, дәрі сатып алып жатқан азаматтар көбейгенін атап өтті. 

Тоғжанов нақты диагноз қойылмай, бет алды ем қабылдамауға шақырды. Тиісті ем жолын тек дәрігер ғана анықтайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде доллар бағамы 3 теңгеге қымбаттады