Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос ғашық ескі автобусты арманындағы баспанаға айналдырды

Опубликовано:

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласынан шыққан қос ғашық Тайлер Хьортинг мен Лекси О'Брайен ескі автобусты су жаңа баспанаға айналдырған. Америкалық жұп жөндеу жұмыстарына өздері атсалысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Қос ғашық ескі автобусты арманындағы баспанаға айналдырды
Фото: instagram.com/onewildridebus: UGC

Тайлер Хьортинг мен Лекси О'Брайен бір жылдан астам уақыт Лос-Анджелесте бармен болып қызмет еткен. Алайда жалақысының барлығы дерлік жалдамалы пәтерге кетіп жатқанын түсінген жас жұп өздері баспаналы болу.

Осылайша, олар 2017 жылдың соңында 10 мың долларға автобус сатып алып, оны баспанаға айналдыра бастайды.

Тайлер мен Лекси жөндеу жұмыстарын әуелі автобустың сыртынан бастапты, ал кейіннен ішін өзгертуге кіріскен.

Олар жөндеу жұмыстарына сегіз ай уақытын жұмсаған.

"Біз YouTube желісінен видеолар көре бердік. Әрине, қателіктер болмады деуге болмайды. Біз көптеген адамдармен кеңестік. Автобусқа бәрін сыйғыздыруымыз керек болды. Кішігірім түстенетін орын мен душ, шкаф және төсекті орналастыратын жер табуымыз қажет еді", - деді Тайлер.

Жөндеу жұмыстарына 25 мың доллар қаражат жұмсалған. Алайда кеткен шығын үйдің сапасын ақтаған. Себебі Тайлер мен Лексидің баспанасын армандағы үй деп атаса да болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ескі "лашықты" соңғы үлгідегі сәнді баспанаға айналдырған ерлі-зайыптылар туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1863734-kos-gasyk-eski-avtobusty-armanyndagy-baspanaga-ajnaldyrdy/

pixel