Выйти
RU

Цой: Атырауда емхана басшысы парацетамолды 10 есе қымбатқа сатқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі еліміздің аймақтарындағы дәрі-дәрмекті қымбатқа сататын алыпсатарлардың әрекетіне қалай шектеу қойылып жатқанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде әкімдіктер жанынан мониторинг топтары құрылған.

Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдар да дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысына белсене атсалысып жатқаны белгілі болды.

Министр олардың барлығы мемлекет бекіткен шекті бағаны қадағалайтынын мәлім етті.

"Баға көтеру жағдайлары бар. Сондай-ақ бізге құқық қорғау органдары да көп көмек көрсетіп жатыр. Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде ауқымды тексерісті бастап кетті. Бірнеше күнгі тексеріс кезінде әлеуметтік желілердегі дәрі-дәрмек пен маскалардың спекулянтты саудасына баса мән берілді", - деді министр

Тағы да оқыңыздар

Денсаулық сақтау министрі желіні шулатқан шымкенттік дәрігердің видеосына жауап берді

Цой дәрі-дәрмекті қымбатқа қайта сатудың бірнеше жағдайы тіркелгенін жасырмады.

"Мысалы, дәріханалардың қызметкерлері медикаменттерді сөреден чексіз сатты. Осының салдарынан азаматтар негізсіз қымбат бағаға дәріні сатып алуға мәжбүр болған. 6 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында құқық қорғаушылар "Тойота" көлігін қолға түсірді. Оның жүк салғышы медикаменттерге толы болған. Әлгі азамат бір миллион теңге пайда тауып, дәрі-дәрмекті қымбаттата сатуға әрекет еткен.

Шымкент қаласында тіпті, бір әйел дәріні өз үйінде отырып сатқан. Тексеру кезінде үйден әртүрлі медикаменттердің 229 түрі (10459 қаптама) анықталды.

Атырауда медикаменттер косметологиялық клиникада сатылған. Тәртіп сақшылары дәрінің осылайша лицензиясыз сатылып жатқанын анықтады. Заңсыз сауданы клиниканың басшысы ұйымдастырған. Дәрі бағасы ресми шектен бірнеше есе қымбат болыпты. Мысалы 5 мың теңгелік Ингавирин үш есе қымбатқа, ал Парацетамол тіпті, 10 есе артық бағамен қымбатқа сатылған", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент тұрғыны тегін таратылуы тиіс дәрілерді сатып келгені анықталған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Цой: Атырауда емхана басшысы парацетамолды 10 есе қымбатқа сатқан