RU

"Біз оларды қорғаймыз": Цой ел аймақтарында дәрігерлердің қудалануы туралы айтты

Telegram logo VKontakte logo

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында аймақтардағы "қазақстандық дәрігерлердің қудалануына" қатысты пікір білдірді. Министр мұндай фактілер барын мойындап, дәрігерлерді қорғауға ниетті екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз оларды қорғаймыз": Алексей Цой ел аймақтарындағы дәрігерлердің қудалануы туралы айтты

Алексей Цой. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: UGC

Цойдың айтуынша, кейбір аймақтарда медициналық қызметкерлерді қудалау жағдайлары бар.

Сөзінше, денсаулық сақтау министрлігі барлық оқиғаларды қарастырып жатыр. Резонанс туғызған жағдайлардың бірі – медициналық қолғаптың жарамсыздығын видеоға түсіріп көрсеткен Түркістан облысындағы дәрігердің жұмыстан шығарылуы.

Видеода ол қолына қорғаныш құралын киюге тырысып еді, алайда медициналық қолғап сол сәтте жыртылып қалады.

Алексей Цой дәрігер жұмыстан босатылғаннан кейін бұл мәселеге денсаулық сақтау министрлігі араласқанын мәлімдеді. Қазір дәрігер басқа ауруханада жұмыс істейді, оның үстіне ақ халаттының лауазымы бөлім меңгерушісіне дейін жоғарылатылғ.

Тағы да оқыңыздар

Ресей денсаулық сақтау вице-министрі: Қазақстандық дәрігерлерге сақтық жетіспейді

"Біз дәрігерлерді жұмыстан шығармаймыз. Әр әділетсіз жағдайға байланысты денсаулық сақтау министрлігіне хабарласып, шағымдануға болады", – деді министр.

Ол бұл мәселені өз бақылауында ұстайтынын айтты, сонымен қатар қазақстандық дәрігерлерді әділетсіз түрде жұмыстан шығарудан қорғауға ниетті екенін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 50 мың адамға жақындады. Бүгінгі таңда ауру жұқтырғандардың санына мыңнан астам қазақстандық қосылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Біз оларды қорғаймыз": Цой ел аймақтарында дәрігерлердің қудалануы туралы айтты