Выйти
RU

16 жастағы ресейлік футболшыға найзағай тиген сәт видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейде 16 жастағы қақпашыға найзағай түсті. Оқиға жаттығу уақытында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ sport.ua сайтына сілтеме жасап.

16 жастағы ресейлік футболшыға найзағай түс кен сәт видеоға түсіп қалды

Фото: Instagrаm/ Иван Заборовский

Алаңда жаттығу жасап жүрген "Знамя Труда" ресейлік клубының 16 жастағы қақпашысы Иван Заборовский найзағай жарқылының астында қалды. Қазір футболшы аман. Ол жансақтау бөлімінде жасанды комада жатыр.

Айта кетейік, синоптиктер сейсенбі, 7 шілдеде Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жариялады.

7 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан екпіні 18 м / с-ді құрайтын жел соғады.

Ақтөбеде 7 шілдеде күн күркірейді. Сондай-ақ, Қостанай облысында да күн күркіреп, тұман болады.

7 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауып, солтүстік-батыстан 15-20 м / с жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады деп күтілуде.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды

7 шілдеде таңда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.

7-9 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м / с-ді құрайды.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 41 градус ыстық болады деп күтілуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
16 жастағы ресейлік футболшыға найзағай тиген сәт видеоға түсіп қалды