RU

Министр желіде қоғамдық резонанс тудырған видео авторымен сөйлескенін айтты

Денсаулық сақтау министрі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолдаған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралған шымкенттік дәрігер Айна Бакеевамен сөйлескенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: UGC

Бұл туралы Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, ем-домның күрделі тәсілі бойынша өтінім жасаған реабилитолог Айна Бакееваның желідегі жазбасына қатысты біршама сұрақ келіп түскен.

Министр бүгін дәрігермен байланысқа шығып, 40 минуттай сөйлескенін жария етті.

"Негізгі мәселені, дәрігердің нені жеткізгісі келгенін түсіндім. Ол әлеуметтік желілерде, тіпті медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша да ем-домның түр-түрі тарап кеткеніне алаңдаушылық білдіріп жатыр. Ем-дом түрлерін әлеуметтік желілерде көріп алған адамдардың да ойы сан-саққа кетеді. Ал кейбір препараттар керісінше, денсаулықты нашарлатады. Сұрақтарға жауап тапқысы келетін мыңдаған адам Айна Бакееваға жүгінеді екен", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, медицина қызметкері Айна Бакеева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеуін жолдаған еді. Онда дәрігер коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұрады.

Кейінірек Айна Бакееваға денсаулық сақтау министрі жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863744-ministr-zelide-kogamdyk-rezonans-tudyrgan-video-avtorymen-sjleskenin-ajtty.html