Выйти
RU

"110 жағдай зерттелуде": Мамандар қайтыс болғандардың өлімін анықтап үлгермей жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында коронавирустан өткен аптада көз жұмған 76 адамнан бөлек тағы 110 науқастың өлімі зерттеліп жатқанын мәлімдеді жеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазіргі ақпаратқа сәйкес, соңғы аптаның ішінде 76 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұдан бөлек, тағы 110 жағдайды зерттеп жатырмыз. Науқастар сан алуан патологиядан қайтыс болды. Соның бәрін комиссия жан-жақты тексеруде", - деді ол.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, бұрын бір-екі өлім болғанда комиссия мамандары әрбір қазаны зерттеуге үлгерген. Бүгінде ондай жағдайлар күрт өскен.

Ал мамандар өлімнің нақты себебін анықтауға үлгермей жатыр. Осыған байланысты коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдардың статистикасын апта сайын жариялау туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирустың еркектерді белсіздікке ұшырататыны рас па

Соңғы деректер бойынша, 30 маусым мен 6 шілде аралығында республика бойынша 76 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Барлығы індет басталғалы COVID-19 жұқтырған 264 қазақстандық қайтыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өткен еді.

Вице-премьер елдегі күрделі жағдайдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты. 

Сондай-ақ бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"110 жағдай зерттелуде": Мамандар қайтыс болғандардың өлімін анықтап үлгермей жатыр