Выйти
RU

Ресейлік дәрігерлер Алматыға келіп жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясымен күресу үшін Қазақстанға келген ресейлік дәрігерлер алматылық әріптестеріне көмектеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік дәрігерлер Алматыға келіп жетті

Фото: ДСМ баспасөз қызметі: UGC

Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясынан COVID-19-бен күресуге келген дәрігерлердің Алматыда не істейтінін айтты.

Әкімнің айтуынша, мәскеулік бір топ маман мегаполиске қалалар арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында ұшып келген. Алматылық дәрігерлерге пандемиямен күресуде көмектесу - олардың басты мақсаты.

Делегация құрамында жетекші дәрігерлер - анестезиологтар, ревматологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, эпидемиологтар және пульмонологтар бар. Барлығы 23 адам. Делегацияны Мәскеу денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алексей Токарев басқарады. Ресейлік мамандар қалалық ауруханалардың базасында жұмыс істейді, онда қазақстандық пациенттерге қажетті кеңестік және әдістемелік көмек көрсетіледі.

Алматы қаласының әкімі коронавирус пандемиясына қарсы тұру үшін ынтымақтастық жобасы жүзеге асырылып жатқандығын баса айтты. Ол Мәскеу әкімдігі мен үкіметі әкімнің орынбасары Анастасия Ракованың атынан құрылымдасады.

Тағы да оқыңыздар

ДСМ Ресейден келген дәрігерлердің қайда жіберілетінін айтты

Зертханалық мәселелер ресейлік дәрігерлермен де талқыланады. Сағынтаевтың айтуынша, мегаполисте жаңа ауруханалар ашылады, ол жерлерге коронавирус жұқтырғандар жатқызылатын болады.

Сондай-ақ, коронавирус жұқтырғандарды оттегі газдарымен емдеу бойынша да Ресей мамандарымен кеңес өткізіледі. Қазіргі уақытта бұл тәжірибе көптеген елдерде қолданылады және өзінің оң нәтижелерін беруде.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейлік дәрігерлер КВИ-мен күресу үшін Қазақстанға ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік дәрігерлер Алматыға келіп жетті