Выйти
RU

Атышулы қалаулымдық ару қалыңдық атанды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Бір болайық" бағдарламасынан шыққан жұп енді отбасылық өмірге қызу дайындықты бастап кетті. Жоба қатысушысы болған Ақерке Құдайбергенова есімді арудың сүйіктісі оған Көк-Төбеде үйленуге ұсыныс жасап, естен кетпестей әсер сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/13erkesha.

Фото: Instagram/13erkesha.

Бойжеткен ғашығының тосын сыйына аса қатты таңғалып, оған "иә" деп жауап берді. Ақерке Құдайбергенова өміріндегі аса ерекше сәтімен Instagram парақшасында өз оқырмандарымен бөліскен.

Қуанышы қойнына сыймаған ару көптен күткен ұсыныс қалай жасалғанын да көрсетті.

"Мен "иә" дедім. Менің өмірімді ертегіге айналдырған ақ бозатты ханзадам. Сіздің болғаныңызға рақмет" , - деп жазды ол.

Қос ғашық жариялаған видеодан оларды бірнше достары қолдап келгенін көруге болады. Олардың арасында "Бір болайық" жобасының өзге қатысушылары да бар. Жастар Ақерке мен Ербол келмей тұрып, ұсыныс жасалатын жерді толығымен әзірлеп қойған.

Тағы да оқыңыздар

"Айтарым бар": Дене қызуымен қыз ұзатпақ болған ару желіде ақталды (видео)

Қалыңдық тіпті қайда келе жатқанын білмеген сыңайлы. Себебі, ол көзі байлаулы күйде келіп, өз таңданысын жасыра алмаған. Ақерке көзін ашқанда сүйіктісінің көпшілік алдында тізерлеп, өзіне сақина ұсынып тұрғанын көрді.

Желі қолданушылары қос ғашықты жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін жаудыруда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атышулы қалаулымдық ару қалыңдық атанды (фото, видео)