RU

"Жігіттер" квартетінің мүшесі коронавирус жұқтырып алды

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Қанаев коронавирус жұқтырып алды. Бұл жайында эстрада жұлдызының өзі жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жігіттер" квартетінің мүшесі коронавирус жұқтырды
Ердос Қанаев. Фото: Instagram/erdoskanaev: UGC
"Жоспарымда жоқ еді, тағдырымда бар екен. Қазіргі ел ішінде жүріп жатқан індет бізді де айналып өтпеген сыңайлы. Әлсізбіз ғой, дұға етіп қоярсыздар. “Алла шипа берсін” деген дұғаларыңызға мұқтажбыз...", - деп жазды Елдос Қанаев Instagram желісінде.

Көпшілік отандық эстрада жұлдызына сауығып кетуін тіледі.

Айта кетейік, осыған дейін көпбалалы әке Айқын Төлепбергеннің де коронавирус жұқтырғанын жазған едік.

"Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. 2 күн температура көтеріліп жатып қалдым. Парацетамол іштім, дәрі іштім, капельница қойдым, ақыры қоймады. Амал жоқтан ауруханаға жатқызды. Мені қайта аяққа тұрғызып, тәбетімді қайтарған барша медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз.

Шынында, осы жерде ғана олардың тынбай, науқастардың жанын сақтауда еңбек етіп жатқанын көресің. Барша сенбегіштерге айтарым, үйде отырыңыздар.

Негізгі толқын 2-3 жетіде Алла қаласа басыла бастайды деп ойлаймын. Себебі, жан-жақта бәрі не ауырып жатыр, не ауырып шықты. Мен сияқты жас жігітті аяқтан жеңіл жығып құлатқан бұл дерт өте қауіпті! Ең қуантарлығы, толық жазылған соң еркін жүре беруге болады" , - деген еді Айқын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863788-zigitter-kvartetini-msesi-koronavirus-zktyryp-aldy.html