Выйти
RU

Қазақстанда коронавируспен күресуге қанша ақша бөлінген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың елімізде коронавируспен күресуге қанша ақша бөлінгенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оның сөзіне қарағанда, пандемиямен күресуге ел бюджетінен 114,8 млрд теңге бөлінген, оның 40,6 млрд теңгесі үкімет резервінен алынды.

Бұдан кейін ведомство басшысы аталған қаражаттың қайда жұмсалғанын түсіндірді. Айтуынша, 21 млрд теңгеден астам қаражат – жеке қорғаныс құралдарын, 2 млрд теңгеден астамы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға жұмсалған.

Зертханаларға арналған құрал-жабдықтар мен тест-жүйелерге 2,5 млрд теңге кеткен.

Жедел жәрдем бригадаларын өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықтауға 310 млн теңге жұмсалды.

Қазақстан азаматтарын шет елдерден эвакуациялауға 131 млн теңге кеткен.

Тағы да оқыңыздар

Цой: Атырауда емхана басшысы парацетамолды 10 есе қымбатқа сатқан

Тесттерге арналған реганттерді өңдеп шығаруға 100 млн теңге жұмсалды. Ал зертханаларда ПТР-зерттеулер өткізу бойынша қызметтерге 13,7 млрд теңге кетті.

Мемлекеттік бюджеттен коронавирус инфекциясымен күресуге 74 млрд теңге бөлінді. Оның 19,5 млрд теңгесі – вируспен күресуге жұмылдырылған ауруханаларға, 40,4 млрд теңгесі ақ халаттылардың еңбек ақысына жұмсалған.

Еліміздің үш мегаполисінде үш жаңа инфекциялық аурухананың құрылысына 14,8 млрд теңге кеткен.

Денсаулық сақтау мирнистрі еліміздегі Covid-19 инфекциясымен күресуге жұмылдырылған барлық ауруханалардың керек-жарақпен қамтамасыз етілгеніне сендірді.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында коронавирустан өткен аптада көз жұмған 76 адамнан бөлек тағы 110 науқастың өлімі зерттеліп жатқанын мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавируспен күресуге қанша ақша бөлінген