RU

Самарқандта туған сиам егіздері көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

27 маусымда Өзбекстанның Самарқанд қаласында дүниеге келген сиам егіздері он күн өткеннен кейін көз жұмды. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram-арнасында мәлім болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

29 маусымда егіздердің тыныс алуы және жүрек қағысы әлсіз болғандықтан, облыстық балалар медициналық орталығына ауыстырылған.

Жансақтау бөлімінде арнайы ем қабылдағанымен, 6 шілдеде бірі 7:50-де, екіншісі 10:50-де көз жұмған. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, өлімнің негізгі себебі жүрек ақауынан болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін дицефалдық типтегі сиамдық егіздерге жататын қыз балалар 27 маусымда ота арқылы өмірге келгенін хабарлаған болатынбыз.

Олардың ортақ бір денесі, бір жұп қолы мен аяғы, бір жүрегі, екі өкпесі, бір асқазаны және бір жатыры болған. Сәбилер сиам егіздерінің сирек кездесетін – дицефалдық парапагтар деген тобына жатады.

Тағы да оқыңыздар

Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжей пневмониядан құлан-таза айықты

Дәрігерлердің айтуынша, бұл өте сирек кездесетін құбылыс. 200 мың баланың ішінде біреуі осындай дертпен мүмкін.

"Туғаннан екі күннен кейін егіздер біздің орталыққа жатқызылды. Оларда демікпе мен жүрек жеткіліксіздігі бар. Нәрестелер үнемі ылғалдандырылған, жылытылған оттегімен дем алады. Қазір олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр", – деді Самарқанд облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығының дәрігері Фаровон Самиев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Самарқандта туған сиам егіздері көз жұмды