Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы төрт жүзге жуық адам қажет": Павлодар облысының әкімі өңірде дәрігер жетпей жатқанын айтты

Опубликовано:

Павлодар облысында төрт жүзге тарта медицина қызметкері жетіспейді. Бұл жайында өңір әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Сқақовтың сөзінше, өңірде үш айда медицина қызметкерлерінің саны 497-ден 2 826-ға дейін өскен.

"Тағы төрт жүзге жуық адам қажет. Бүкіл облыстағы дәрігерлер жұмылдырылды. Бұрынғы медицина қызметкерлері мен түлектер арасынан кадр іздеп жатырмыз", - деді ол.

Айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өтінішіне 103 адам жауап беріп, оның ішінде 17 адам қызметіне кірісті. Тағы 26 адам өз еркімен жұмысқа орналасты. 108 маман басқа медицина ұйымдарынан келді, қосымша тағы 15 адам жұмысқа кіріседі.

"Біз облыс тұрғындарына, бір кездері мамандық ауыстырған бұрынғы медицина қызметкерлеріне тиісті өтініш жасадық. Бұл мәселе шұғыл түрде шешіледі деп ойлаймыз", - дейді облыс әкім.

Сонымен қатар Әбілқайыр Сқақов медициналық оқу орнын тәмамдаған түлектерді жұмысқа тарту мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 49683-ке жеткен. Олардың 1460-ы Павлодар облысынан. Өңірде 532 адам аталмыш індеттен жазылып шықса, 14 адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863825-tagy-trt-zzge-zuyk-adam-kazet-pavlodar-oblysyny-kimi-irde-driger-zetpej-zatkanyn-ajtty/

pixel