Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлемі адаммен бірдей "жарқанат" желі қолданушыларын шошытты (фото)

Опубликовано:

Twitter қолданушысы Алекс Джостар бұған дейін Филиппинде алып жарқанаттар мекендейтінін мәлімдеген болатын. Кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында жануардың суретін жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Twitter / AlexJoestar622
Фото: Twitter / AlexJoestar622: Twitter

Джостардың жариялаған суреттері аз уақыттың ішінде 270 мыңға жуық лайк жинап, желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық туғызды.

"Естеріңде болса, Филиппинде көлемі адаммен бірдей жарқанаттар мекендейтінін жазған едім. Міне, мен осы туралы айттым", – деп жазды посттың авторы.

Кадрлардан расында да басымен төмен салбырап тұрған алып жануарды көруге болады. Түрі де жарқанатқа ұқсайды.

Желі қолданушыларын шошытқан алып жарқанат шын мәнінде жалды ацеродон болып шықты. Бұл – қанаттылар тұқымына жататын ірі сүтқоректі. Оның қанаттарының құлашы 1,7 метрге дейін жетеді. Алайда, денесі ірі болғанымен жануардың ешбір зияны жоқ.

Белгілі болғандай, жалды ацеродон тек жемістермен қоректенеді және Филиппинде ғана мекендейді.

Фото: Twitter / cherkillia
Фото: Twitter / cherkillia: Twitter

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда жеті адамды жеп қойған қолтырауын қолға түскенін жазғанбыз.

Жыртқыш жеті жыл бойы Махадевапура ауылы маңындағы Дев өзенін мекен еткен. Осы уақыт аралығында ол жеті адамды жеп қойған. Көбінесе ол өзеннің жағасында кір жуған әйелдерге шабуылдап келген. Соңғы рет мұндай оқиға 3 шілдеде болған. Жыртқыш 54 жастағы ауыл тұрғынын суға тартып әкетіп, мерт қылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1863826-klemi-adammen-birdej-zarkanat-zeli-koldanusylaryn-sosytty-foto/

pixel