Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда миллион теңге табыс тапқан дәрі алыпсатары қолға түсті (видео)

Опубликовано:

Оңтүстік астананың құқық қорғаушылары кезекті заңсыз дәрі-дәрмек саудасының жолын кесті. Тәртіп сақшылары дәрілік заттарды заңсыз сатуға тырысқан алыпсатарды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: UGC

Полиция қызметкерлері алыпсатарды Алматы қаласы Түрксіб ауданында қолға түсірді.

Әйел адамнан соңғы күндері дәріханаларда жетіспей жатқан вирусқа қарсы препараттардың жүздеген қаптамасы тәркіленді. Атап айтқанда, "Гроприносин" дәрісінің жүз қорабы, "Анаферонның" 167 бумасы, сондай-ақ "Ингавириннің" жеті қаптамасы анықталды.

Полиция департаментінің мәліметінше, алыпсатар дәрі-дәрмектерді бірнеше есе жоғары бағамен қайта сатып, пайда табуды көздеген.

Ұсталған кезде күдіктіден бір миллион теңгеге жуық ақша анықталған. Тәртіп сақшылары бұл қаражаттың сатылған дәрі-дәрмектерден түскенін алға тартуда.

Күдіктіден дәрі-дәрмек пен ақша тәркіленіп, іске қоса тіркелді.

"Азаматшаның әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, жауапкершілік белгіленеді", – деді құқық қорғаушылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавируспен күресуге қанша ақша бөлінгенін, ол қаражаттың қайда жұмсалғанын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863836-almatyda-million-tege-tabys-tapkan-dri-alypsatary-kolga-tsti-video/

pixel