Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илья Ильин ауруханаға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин ауруханадан видео жолдап, өзінің жағдайын баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ спортшының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/ilyailyinforever
Фото: instagram.com/ilyailyinforever: Twitter

Видеода Ильиннің біршама қиналып тыныс алып жатқанын байқауға болады.

"Мен қаламасам да ауруханаға түстім. Бұл бейнені жүктегім келмеді, бірақ өзім жөнінде, қазіргі хал-жағдайымды жазғаным дұрыс деп шештім.
Қазір бәрі ойдағыдай. Бейнеде бәрін қысқаша айттым. Біздің дәрігерлерімізге көп рақмет!
Қазір сіздерге өте қиын кезеңнің туып отырғанын бәріміз жақсы түсінеміз! Сіздерге қазір бүкіл Қазақстан халқы үмітпен қарап отыр!
Достар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!", – деді ол видеоның жазбасында.

Ауыр атлет осымен алтыншы күн ауруханада жатқанын жеткізді. Айтуынша, одан коронавирус анықталмаған.

"Менде басқа ауру, күйзелістің кесірінен аллергиялық реакция болған. Бірақ қазір барлығы жақсы, дәрігерлер мені қалпыма келтірді. Екінші күн дене шынықтырумен айналысып жатырмын", – дейді Ильин.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, белгілі ауыр атлет Илья Ильин алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жастарға дәріс беретін болды.

Сондай-ақ, мамыр айында оның Қызылордадағы спорт кешенінің директоры болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863841-ila-ilin-auruhanaga-tsip-kaldy-video/

pixel