Выйти
RU

"Тікелей тыйым жоқ": Ішкі істер вице-министрі елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер вице-министрі елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірдІ

Көрнекі фото: astana.gov.kz: Depositphotos

"Егер біз бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын орындамасақ, онда Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекс бойынша бас дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Ереже бұзушылық бойынша жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылған басты құжат – бас дәрігердің қаулысы. Қаулыда отшашу ұйымдастыруға тікелей тыйым жоқ", - деді Алексей Калайчиди.

Ол сонымен қатар отшашуды тамашалауға шектеудің де жоқтығын, оны тамашалау барысында бірде-бір адам жазаланбағанын мәлім етті.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген елордадағы отшашуға қатысты ойын айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар

Дәрі-дәрмекті қымбат немесе заңсыз сататындарға қандай жаза беріледі

"Отшашу ненің құрметіне ұйымдастырылды? Біздің коронавирус жұқтыру бойынша бірінші орынға шыққанымыз үшін бе? Астанада отшашу ұйымдастырып жатқанда, адамдар оттегі баллондарын таба алмай жатыр! Осылай жалғастыра беріңіздер, келесі жылы тойлайтын адам да қалмайды...", - деген еді ол Instagram парақшасындағы жазбасында.

Отшашуға қатысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы да пікір білдірген еді.

"Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған", - деген басқармада.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тікелей тыйым жоқ": Ішкі істер вице-министрі елордадағы отшашуға қатысты пікір білдірді