RU

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 17 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирустан тағы 630 адам жазылып шықты. Осылайша, елде қауіпті дертті еңсергендер саны 16928-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 17 мыңға жуықтады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Емделіп шыққан жандар мына өңірлерде тіркелді:

Нұр-Сұлтан қаласы - 54,

Алматы қаласы - 22,

Шымкент қаласы - 4,

Батыс Қазақстан облысы - 8,

Шығыс Қазақстан облысы - 7,

Солтүстік Қазақстан облысы - 93,

Ақмола облысы - 201,

Маңғыстау облысы - 4,

Павлодар облысы - 1,

Қарағанды облысы - 49,

Қызылорда облысы - 91,

Ақтөбе облысы - 68,

Жамбыл облысы - 13,

Қостанай облысы - 15.

Айта кетейік, қазіргі қысыл-таяң уақытта Павлодар облысында төрт жүзге тарта медицина қызметкері жетіспей жатыр. Бұл жайында өңір әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді.

Сқақовтың сөзінше, өңірде үш айда медицина қызметкерлерінің саны 497-ден 2 826-ға дейін өскен.

"Тағы төрт жүзге жуық адам қажет. Бүкіл облыстағы дәрігерлер жұмылдырылды. Бұрынғы медицина қызметкерлері мен түлектер арасынан кадр іздеп жатырмыз", - деді ол.

Айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өтінішіне 103 адам жауап беріп, оның ішінде 17 адам қызметіне кіріскен. Тағы 26 адам өз еркімен жұмысқа орналасқан. 108 маман басқа медицина ұйымдарынан келген, қосымша тағы 15 адам жұмысқа кіріседі.

"Біз облыс тұрғындарына, бір кездері мамандық ауыстырған бұрынғы медицина қызметкерлеріне тиісті өтініш жасадық. Бұл мәселе шұғыл түрде шешіледі деп ойлаймыз", - дейді облыс әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863858-kazakstanda-koronavirustan-zazylgandar-sany-17-myga-zuyktady.html