Выйти
RU

Сағынтаев дәрі-дәрмекке қатысты алматылықтарға мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев дәрі-дәрмекке қатысты мегаполис тұрғындарына мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ шаһар басшысының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Сағынтаевтың сөзінше, қалада бірқатар дәріханаларда кезек көбейіп, жұрт арасында дүрлігу байқалды.

"Осы жәйтке түсініктеме бере кетсем деймін.

Сұранысқа ие препараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастап дәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препараттар, соның ішінде 260 мың парацетамол, 98 мың аспирин, 35 мың ингавирин, 22 мың азитромицин, 15 мың кардиомагнил және басқа да дәрі-дәрмектер түсті. Сондай-ақ дәріханаларға 30 мың термометр қойылды.

Қоймаларда әлеуметтік маңызы бар 645 мың дәрі-дәрмек, соның ішінде 301 мың аспирин, 84 мың кардиомагнил, 73 мың парацетамол, 42 мың ибупрофен, 26 мың амоксиклав және басқа да дәрі-дәрмектер бар.

Тағы да оқыңыздар

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Күн сайын қаладағы 105 дәріханаға дәрі-дәрмектер жөнелтіледі. Бірақ олар тез сатылып кетуде. Десе де, іркіліс болмайды. Шілде айының соңына дейін 1,2 млн аспирин, 930 мың парацетамол, ибупрофеннің 350 мыңы, ингавириннің 100 мың қаптамасы, 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер жеткізіледі.

Қаланың дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол жоқ. Жағдай бақылауда. Құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Алыпсатарлар жазаланады", - дейді Алматы әкімі

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі елімізде дәріні алыпсатарлардың азаймай тұрғанын мәлімдеген болатын.

Алексей Цой Атырау қаласында емхана басшысы парацетомолды он есе қымбат сатқанын жеткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сағынтаев дәрі-дәрмекке қатысты алматылықтарға мәлімдеме жасады