RU

Жамбыл облысында емхана басшысы пациентті сотқа бермек

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері пневмония жұқтырып, ем алып жатқан науқастың заң алдында жауап беруін қалайды. Ол провизорлық стационардың емделушісі бірнеше күн бұрын "көрші палатада адам өлді, тәулік бойы қараған маман жоқ" деп даулы видео жариялағанын, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Дау тудырған видео әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде тараған. Роликте пневмония диагнозымен Байзақ аудандық ауруханасында жатқан пациенттер, жағдайдың мүлдем жасалмағанын айтқан.

Сонымен қатар көрші палатадағы 44 жастағы науқас тәулік бұрын көз жұмса да, қараусыз қалғанын жеткізген.

Осыған байланысты медициналық мекеменің басшылығын пікір білдірді. Дәрігерлер емнің тиісті дәрежеде жүргізіліп жатқанын айтады.

1 шіледеден бастап аурухана өңір бойынша 105 пациент қабылданып, қазіргі кезде 120 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатқаны белгілі болды. Қызметкерлер тиісті препараттың барлығы жеткілікті дейді.

Олар видеодағы адам өлімін растап отыр. Мекеме басшылығының айтуынша, пневмониядан қаза болған науқасты апарар мәйітхана ауданда жоқ. Ал туыстары жерлеу рәсімін дайындап алғанша, мәйіттің ауруханада бола тұруын сұраған көрінеді.

"Аудандық орталық ауруханада мәйітхананың жоқтығынан, біз өзіміз санэпинрежим бойынша өңдеу жасап, орап туыстарына береміз. Сонда ол 3-4 сағат ішінде, мәйіттерді алып кетіп жатыр", – деді Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Рыскелді Сапарбеков.

Ол жалған ақпарат таратқан науқастың заң жүзінде тиісті жазалануын сұрап отыр.

"Ауру алқымнан алғанда мұндай керағар әрекеттер "медицина мамандарын қолдау емес, қорлау", - дейді мекеме басшысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі" ұшақпен белгісіз зат шашады" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863869-zambyl-oblysynda-emhana-bassysy-pacientti-sotka-bermek.html