Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясының билігі қажылыққа келгендерге Қағбаға қолын тигізуге тыйым салды

Опубликовано:

Сауд Арабия билігі коронавирусқа байланысты алдағы қажылық кезінде Мекке мен Мединаға келген адамдарға Қағбаға қолын тигізуге тыйым салып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Михаил Воскресенский
Фото: РИА Новости / Михаил Воскресенский: Facebook

Қажылық кезіндегі жаңа ереже туралы жергілікті "Аш-Шарк аль-Аусат" басылымы жазды. Биылғы қажылық 28 шілде – 2 тамыз аралығына белгіленген.

Қажылық кезінде мұсылмандар Қағбаны жеті рет айналып өтіп, қасиетті тасты сүйіп немесе қолын тигізуге тырысады. Бұл жолы жергілікті билік "Қасиетті қара тастың" айналасына бөгет қоймақ.

"Қағбаға қол тигізуге және сүюге тыйым салынады", - делінген министерлік хабарламасында.

Бұдан бөлек, басылымның ақпарынша, әрбір рәсімге тек 50 адамнан тұратын қажылардың шағын тобы қатысады, оларға медициналық бетперде киіп, қашықтықты сақтау керек болады.

Сонымен қатар Арарат төбесіндегі лагерлерде шатырлар арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақталуы тиіс.

Сондай-ақ, қасиетті Зәмзәм суын ішуге келгендерге тек бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтар беріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясының билігі Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға тек санаулы мұсылман азаматтарына рұқсат еткенін жазғанбыз. Шетелдіктер оған қатыса алмайды.

Жергілікті билік биылғы қажылыққа тек елде жүрген мұсылмандардың ғана қатысатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863897-saud-arabiasyny-biligi-kazylykka-kelgenderge-kagbaga-kolyn-tigizuge-tyjym-saldy/

pixel