RU

"Менің әйелім": Тележүргізуші Тимур Балымбетов карантин кезінде үйленіп алды (фото)

Отандық танымал тележүргізуші әрі телепродюсер Тимур Балымбетов карантин уақытында үлкен думанды тойсыз-ақ үйленіп алды. Телевизия маманы мен оның жары бұл атаулы күнді тек екеуі ғана атап өткен. Қалыңдық некелесуіне ақ көйлек кимей барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/balukz.
Фото: Instagram/balukz.: Instagram

Жас жұбайлар ресми түрде некелесуіне орай, өздеріне кішігірім отырыс ұйымдастырған. Олар таза ауадағы алматылық мейрамханалардың бірінде шарап ішіп, ерлі-зайыпты атануын тойлаған.

Қызығы, Балымбетовтың жары бұл күні қалыңдық көйлегімен емес, ақ түсті костюм шалбар киіп барған. Бақыттан бал-бұл жанған ғашықтар Instagram желісінде өмірлеріндегі ерекше сәтінің суреттерімен бөлісіп, оқырмандарынн қуантып қойған.

"Таныс болыңыздар, менің әйелім Лаура Балымбетова. Мен оны өмір бойы күттім. 07.07.2020" , - деп жазды Тимур өз парақшасында.

Желідегілер ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап, оларға жүрекжарды тілектерін жаудырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тимур Балымбетов сүйіктісінің қолынан сүйіп тұрған суреті үшін елден оңбай сөз естіген болатын. Көпшілік тележүргізушінің қылығын ер азаматқа сай емес деп, оны сөгіп тастады. Алайда, телепродюсер болашақ жарына деген махаббатын көрсетуде тұрған ештене жоқ екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863903-meni-jelim-telezrgizusi-timur-balymbetov-karantin-kezinde-jlenip-aldy-foto.html