RU

Шымкентте пневмониядан көз жұмған 9 медицина қызметкерінің суреті жарияланды

Пневмония салдарынан көз жұмған шымкенттік медицина қызметкерлерінің суреті Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі олардың қазасын растап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC
"Роликте көрсетілген 9 медицина қызметкері мемлекеттік медициналық мекемеде, Шымкенттегі Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханаларда жұмыс істеген", - деп атап өтті ведомстводан.
Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, олар 3 маусым мен 7 шілде аралығында көз жұмған. Өмірден өткен ақ халаттылар арасында хирург, педиатр, гинеколог, зертханашы, узист және тағы басқа медицина мамандар болған.

Ведомство марқұмдардың өз саласының үздігі болғанын жеткізді.

Медицина қызметкерлерінің өліміне екіжақты пневмония себеп болып отыр.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

KAZ.NUR.KZ порталының редакциясы дәрігерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 50 мыңнан асты. Олардың 3724-і Шымкент қаласында тіркелген.

Еске сала кетсек, 30 маусым мен 6 шілде аралығында республика бойынша 76 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Індет басталғалы COVID-19 жұқтырған барлығы 264 қазақстандық қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863904-symkentte-pnevmoniadan-kz-zmgan-9-medicina-kyzmetkerini-sureti-zarialandy.html