RU

"Алаңда тойлатқан": Жүнісова отшашуды көруге барған елорда халқына шүйлікті

Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова елорда күнін тойлатып, алаңға отшашу тамашалау үшін барған астаналықтарды сынап тастады. Эстрада жұлдызы халық індеттен өліп жатқанда мұндай әрекетке бару үлкен қате болғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal.
Фото: Instagram/zhunusova.makpal.: Instagram

Мақпал Жүнісованың айтуынша, отшашу секілді мерекелік шараларды індет тоқтаған кезде бір-ақ жасаған жөн болар еді. Өнер иесі Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, өз наразылығын ашық білдірді.

"Неменеге жетістің бала батыр?Қариялар азайып бара жатыр.Бірі кетіп келместің кемесіне,Бірі күтіп әнеки жағада тұр.Карантин деп жарияласа да, Астана халқы алаңға барып ,тойлатып қайтыпсыздар,сақтанып біз сияқты үйде отырмадыңыздар ма?Жарты сағат салют беру тіптен ұят болды,мына індет кеткенде берсеңіздер,алаңға барып концерт көрсеңіздер орынды болар еді әрине" , - деп жазды Жүнісова.

Айта кетейік, бұған дейін елордадағы отшашуға қатысты қарсы пікірін Димаш Құдайберген жеткізген болатын. Тума талант дәрі-дәрмек пен тыныс алу апараттарына ақша жетіспей жатқанда, бұл шараны ұйымдастыру мүлдем орынсыз болды деп есептейді.

Оған қоса, Алтынай Жорабаева да бұл шулы тақырыпқа қатысты өз ойын айтты. Ол отшашуды қазақстандықтардың көңілін көтеру және дәрігерлердің құрметіне жасағанын айтқан әкімдік өкілдеріне шүйлікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863911-alada-tojlatkan-znisova-otsasudy-kruge-bargan-elorda-halkyna-sjlikti.html