Выйти
RU

Алмас Сәдубаев Тараз қаласы әкімінің орынбасары болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы шаһар басшысының сайтына сілтеме жасап.

Фото: Facebook/Алмас Сәдубаев

Фото: Facebook/Алмас Сәдубаев: Facebook

"Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген құжат мәтінінде.

Алмас Сәдубаев 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, білімі жоғары.

2005 жылы  М.Х.Дулати атындағы университеттін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақстан-Тараз" телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.

2005-2008 жылдары, жаңалықтар бөлімінің редакторы, "Қазақстан ұлттық телеарнасы" АҚ PR-директоры;

2008-2010 жылдары республикалық "Заң" газеті және журналының бас редакторы;

2010 жылы- Жоғарғы сот төрағасының баспасөз хатшысы;

2010-2011 жылдары- президент әкімшілігінің сарапшысы;

Тағы да оқыңыздар

Әбдіғаппар Сманов басшылық еткен колледжге жаңа директер тағайындалды

2011-2015 жылдары "ҚР ІІБ Медиа орталығының" бас директоры, Ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы болған.

Жаңа қызметіне дейін Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымын атқарып келген.

Еске сала кетейік, кеше үкімет қаулысымен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алмас Сәдубаев Тараз қаласы әкімінің орынбасары болды