Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде селфи жасамақ болған әйел жардан құлап қайтыс болды

Опубликовано:

Красноярсктың оңтүстігінде селфи жасамақ болған әйел адам жардан құлап қайтыс болды. Бұл туралы Ресейдің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік агенттігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Қайғылы оқиға сейсенбі күні Курагинск ауданында болған.

"Екі әйел Курагинск аумағына демалуға келген. Өлкенің көрінісін тамашалау үшін олар таудағы бақылау алаңына көтеріліп, табиғат аясында өздерін суретке түсірмек болған. Кезекті рет фотоға түсу кезінде олардың біреуі аяғын шалыс басып, 50 метрлік биіктіктен құлап, мерт болды", – делінген агенттік хабарламасында.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар әйелдің денесін тауып, ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне тапсырған.

Еске сала кетейік, жақында Алматы облысында селфи жасамақ болған жасөспірімнің ауыр халде жатқанын хабарлағанбыз.

Құзырлы органның мәліметінше, 2005 жылы туған жасөспірім селфи жасау үшін, өзінің үйінің жанындағы көшедегі электр бағанасына шыққан.

Электр тоғы соғуының нәтижесінде ол бағанадан жерге құлап, екі қолдың 1,2,3,4 дәрежелі электрлік күюін, жабық бас сүйек-ми жарақатын, мидың шайқалуы, беттің, дененің жұмсақ тіндерінің көптеген жаралары, төменгі еріннің және иектің тұсындағы құлатылған-жыртылған жаралар, екі білектің сүйектерінің сынуы, 1-2 дәрежелі травматикалық шок алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1863935-resejde-selfi-zasamak-bolgan-jel-zardan-klap-kajtys-boldy/

pixel