RU

Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек келді

Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді. 8 шілдеде Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы борты келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек келді
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі: UGC

Гуманитарлық көмекке медициналық маскалар, қорғаныш киімдері, медициналық мақсаттағы бұйымдар кіреді. Қазақстандағы бірыңғай гуманитарлық көмек операторы "СК-Фармация" ЖШС болып табылады. Жақын уақытта Ресейден гуманитарлық көмекпен тағы бірнеше рейс келеді деп күтілуде.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көршілес мемлекеттің гуманитарлық жүктері Қазақстанға коронавирусқа қарсы бірлескен күрес туралы келісімдер аясында келіп жетті.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте қолдау көрсеткені үшін Ресей үкіметі мен бауырлас халыққа алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бір топ ресейлік дәрігерлер коронавирустың таралуына қарсы күресуде отандық мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға келген болатын. Олар ерекше мұқтаж аймақтарға жіберіледі.

Ресей денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерін аралағаннан кейін қазақстандық дәрігерлер коронавирусқа қатысты мұқият сақтық танытпайды деген тұжырымға келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863946-kazakstanga-resejden-gumanitarlyk-kmek-keldi.html