RU

Сапарбаев қара пакеттегі мәйіттердің видеосына қатысты пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін брифингке қатысып, өңірдегі коронавирус жағдайын баяндады. Облыс басшысы желіде тарап кеткен мәйіттердің видеосына қатысты жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: instagram.com/saparbayev_bm

Бердібек Сапарбаев. Фото: instagram.com/saparbayev_bm: UGC

Бүгінде желі қолданушылары қара пакеттегі мәйіттер көрініс тапқан видеомен бір-бірімен белсенді түрде бөлісіп жатыр. Бейнежазбаны таратушылардың айтуынша, оқиға Тараз қаласында болған. Алайда, Бердібек Сапарбаев бүгін бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Өңір басшысының сөзінше, хабарлама авторы желіден тауып алған ақпаратпен толыққанды танысып шықпаған болу керек. Әкім халыққа материалдарды толығымен оқып шығуға кеңес берді.

Бұған дейін аталмыш видео Ақтауда түсірілгені жайлы хабарланған болатын. Бірақ, Маңғыстау облысының әкімдігі де мұндай оқиға орын алмағанын мәлімдеп, жаңалықтың жалған екенін айтты.

Тағы да оқыңыздар

Елордалық дәрігер аурухананың алдында жатқан кісі туралы видеоға пікір білдірді

Кейіннен белгісіз біреу видеоны қайтадан желіге жүктеп, оқыс жағдай Таразда орын алған деп жазып қойған. Алайда, Бердібек Сапарбаев қалада мұндай оқиға болмағанына нық сенімді.

Айта кетейік, осыған дейін желіде қара пакетке оранған марқұмдардың денелері көрініс тапқан жантүршігерлік видео тарап кеткенін жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Сапарбаев қара пакеттегі мәйіттердің видеосына қатысты пікір білдірді