Выйти
RU

Бас мүфти дәрі бағасын қымбаттатып жатқандарға үндеу жасады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дәрі бағасын қымбаттатпауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бас мүфти дәрі бағасын қымбаттатып жатқандарға видеоүндеу жолдады

Фото: muftyat.kz: Instagram

"Құрметті қауым, асыл дінімізде қажет уақытта қажет көмекті жасау үлкен сауапты амалдардың біріне жатады. Сындарлы сәтте науқас жандарға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп, алғысын алайық.
Дәрі-дәрмектің бағасын қолдан қымбаттатуға жол бермей, жақсылық жасауға асығайық. Ал жұртымызды жұқпалы індеттен арашалап алуға бар күшін жұмсап, жан-тәнімен қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға жылы сөзімізді арнап, жігерін оятайық. Олар үшін әрдайым дұғада болайық", – деді ҚМДБ төрағасы видеоүндеуде.

Бас мүфти көптеген азамат қиын-қыстау уақытта садақа беріп, құрбан шалып, дұға етіп жатқанын да айта кетті. Ол садақа бен құрбандық нәубетті кезеңнен аман-есен өтуге себепкер болсын деген тілегін жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

"Жігіттер" квартетінің мүшесі коронавирус жұқтырып алды

"Халқымыз "Ауыр жол атанды сынайды, ауыр іс адамды сынайды" деген. Расында бұл сынақ жас пен жасамысқа оңай тиіп жатқан жоқ. Алла Тағала дертке шалдыққандарға шипа беріп, дәм-тұзы таусылған жандарды мейіріміне алғай!
Біз тағы да жамағатпен дұға жасап, истиғфар, салауат айтуға ниет етіп отырмыз. Дана халқымыз: "Көп тілегі көл болар" дейді. Баршаңызды көппен бірге ел игілігі үшін дұға жасап, салауат пен истиғфар айтуға шақырамыз", – деді Бас мүфти.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға тағы да үндеу жолдаған еді. Президент халықты дүрбелеңге салынбауға шақырған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бас мүфти дәрі бағасын қымбаттатып жатқандарға үндеу жасады (видео)