Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер еш қадағалаусыз антибиотик қабылдап жатқан жандарға кеңесін айтты

Опубликовано:

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева коронавирус жұқтырған науқастар антибиотик қабылдауға асықпауы керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дәрігер антибиотиктің науқас адамның иммунитетін төмендететінін айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Раушан Қарабаева өз бетінше дәрі ішіп, үйде ем қабылдаудың қаншалықты зиян екенін түсіндіріп өтті.

"Қазіргі уақытта КВИ жұқтырғандардың еш қадағалаусыз антибиотик қабылдап жатқанын байқадық. Антибиотиктер ағзаның иммундық жауабын қалыптастыруға қажетті ішек микрофлорасын бұзады.
Сәйкесінше, пациенттің иммунитеті одан әрі төмендей түседі. Одан бөлек, қажетсіз антибиотикті тағайындау – микроағзаларды бактерияға қарсы заттарға тұрақты және төзімді етеді.
Бұл – өте өзекті жаһандық мәселе деуге болады, адам бойында антибиотикті сезбейтін микроағзалар штаммы пайда болады және келешектегі бактериялық инфекцияларды емдеу ісіне ықпал етеді", - дейді дәрігер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференцияда.

Сонымен қатар, Қарабаева адамдардың ауыр инфекция жұқтырған жағдайда ғана қолданылатын резервті антибиотиктердің де пайдаланылып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

"Оған жол беруге болмайды, себебі пациенттің жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін. Бактериялық компонент болған кезде коронавирусты антибиотиктермен тек дәрігердің нұсқауымен ғана емдеу қажет", - деді Қарабаева.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дәрі бағасын қымбаттатпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863961-driger-es-kadagalausyz-antibiotik-kabyldap-zatkan-zandarga-keesin-ajtty/

pixel