Выйти
RU

Алматыда үш жасар баланы аяусыз ұрып тастаған азамат ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының тұрғынымен бұрын бірге тұрған азамат үш жасар баланы азаптады деген күдікке ілініп отыр. Әлеуметтік желіде сәбиді ұрып-соғу туралы жазба пайда болды. Қалалық полицияның мәліметінше, баланың тұлғасы мен анасы және оның бұрынғы көршісі әп-сәтте анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы құқық қорғау органына сілтеме жасап.

Алматыда үш жасар баланы аяусыз ұрып тастаған

Фото: www.instagram.com/megapolis.kz

Хабарламада 2017 жылы туған бала гематомамен бірінші ауруханада жатқаны туралы айтылған. Бастапқыда қабырғалары сынған деген ақпарат болған, бірақ кейіннен бұл мәлімет расталмады. Келіншек ұрып-соғылған баласының суреттерін танысына жіберіп, бұл әрекетті бұрын бірге тұрған көршісі жасағанын айтыпты. Танысы құқық қорғау органдарына жүгінетінін айтқан кезде әйел баланы алып, бірге қашып кетіпті деп хабарлайды әлеуметтік желідегі басылым авторлары.

Тағы да оқыңыздар

Түркістан облысында балаларға қарбызды қабығымен жегізген адам ұсталды

Алматы полиция департаменті келіншек пен оның бұрынғы көршісінің жеке басы дереу анықталғанын, ер адам ұсталғанын айтты. Әйелдің өзі байланыс жасағысы келмеді деп хабарлады департамент. Күдікті М. 1988 жылы туған азамат болып шықты. Қазір оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 110-бабы 2-бөлігі " Көрiнеу кәмелетке толмаған адамды қинау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция баланың ауруханаға түскенін растады, енді оған сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама келтірілген зиянның ауырлығын анықтайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысы Жаркент қаласында қырықтан асқан ер адам 77 жастағы әжейді өлімші етіп сабағаны туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда үш жасар баланы аяусыз ұрып тастаған азамат ұсталды