Выйти
RU

"Немереңізді ауыртып аласыз": Сапарбаев жамбылдықтарға үндеу жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды дәрігерлрдің еңбегін бағалауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Немереңізді ауыртып аласыз": Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарына үндеу жасады

Фото: KAZ.NUR.KZ

Облыс әкімі желіде тараған ақпараттың бәріне бірдей сенбеу қажеттігін де айтты.

"Бар болса да, жоқ болса да, кім жаман, дәрігер жаман болып кетті. Дәрігерлер болмаса, өлген адамның саны қаншама есе көп болатын еді. Әрине, кей дәрігердің, басшылардың кемшілігі бар.
Егер аурухана ауласына бір топ адам жиналса, басшы түсуі керек, жағдайды білуі қажет. Екіншіден, қабылдау бөлімінде қанша адам отырғанын, неге ұзақ уақыт отыратынын білуі тиіс. Бас дәрігерлерге осы жайлы айтылды", - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев 65 жастан асқан зейнеткерлерден той-томалаққа бармауды өтінді.

Тағы да оқыңыздар

Елордалық дәрігер аурухананың алдында жатқан кісі туралы видеоға пікір білдірді

"Індеттің тезірек азаюы өзімізге байланысты. Әрқайсымыз өзіміздің, ағайын-туыстың денсаулығын ойлауымыз керек. Егер барлық талапты орындайтын болсақ, онда бұл індеттен тез құтыламыз.
Бас дәрігердің кейінгі қаулысы толығымен орындалуы қажет. Зейнеткерлер, 65 жастан азаматтарға далаға шығуға болмайды. Сіздер үйде отыруларыңыз керек. Сіздерге тойға, құдалық, беташарға баруға болмайды. Ертең немереңізді ауыртып аласыз", - деді Сапарбаев тұрғындарға.

Айта кетейік, осыған дейін Бердібек Сапарбаев қара пакеттегі мәйіттер жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Немереңізді ауыртып аласыз": Сапарбаев жамбылдықтарға үндеу жасады