Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі күнге дейін той мен беташарға барады": Өңір әкімдері тұрғындардың әрекеті жайлы айтты

Опубликовано:

Бүгін еліміздің бірнеше облысының әкімдері брифинг барсында өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев коронавирус жұқтыру көрсеткішінің өсуіне қарамастан, адамдардың отбасылық мерекелер мен жиындар өткізіп жатқанына назар аударды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ақмола облысы әкімінің айтуынша, бүгінде өңірде коронавирус жұқтырудың 1512 дерегі тіркелген, 23 адам көз жұмды. Бар болғаны бір апта ішінде аурудың өсімі 4,5% құраған, ал соңғы үш аптаның ішінде вирус жұқтыру көрсеткіші 4,5 есе өскен.

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің арасында да инфекция жұқтырғандар анықталуда. Осы орайда, Ермек Маржықпаев қатаң шектеулер енгізу қажеттілігін атап өтті.

Аймақ басшысының пікірінше, мұндай статистиканың басты себебі – тұрғындардың өз денсаулықтарына жауапсыздықпен қарауы және қауіпсіздік шараларын сақтамауы.

Өңір тұрғындары тойлар мен түрлі жиындарды өткізуді жалғастыруда. Дәл осындай жерлердің вирустың әлеуетті ошағы болып табылатынын ескеру қажет.

Әріптесінің пікіріне Жамбыл облысының әкімі де қосылды. Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарын көпшілік іс-шараларды өткізбеуге шақырды. Ол карантин режимінің белгіленген ережелерін сақтауды сұрады. Әсіресе, бұл егде жастағы адамдарға қатысты екенін жеткізді.

Аймақ басшысының айтуынша, адамдар өздері мен жақындарына қауіп төндіріп, әлі күнге дейін той, құдалық, беташарларға баруда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары карантин кезінде үйде той өткізуге тырысқанын хабарлағанбыз. Алайда тәртіп сақшылары жасырын жиынның үстінен түсіп, мерекелік кешті тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863973-li-knge-dejin-toj-men-betasarga-barady-ir-kimderi-trgyndardy-reketi-zajly-ajtty/

pixel