Выйти
RU

Қазақстандықтар КВИ-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қашан қалыптастырады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеті қандай жағдайда қалыптасады деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар КВИ-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қашан қалыптастырады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Журналистер бүгінде елордада коронавирусқа деген ұжымдық иммунитеттің қандай деңгейде екенін сұрады. Сонымен қатар, олар батыс елдерде әр қалаға, мемлекетке, елге ұжымдық иммунитетті анықтайтын бағдарламалар іске қосылғанын айтты.

"Бізде де осыған ұқсас бағдарлама жоспарлануда ма?" - деген сауал қойды олар.

Раушан Жомартқызы өз кезегінде ұжымдық иммунитетті анықтау үшін жекелеген қалалардың немесе тұтастай ел тұрғындарының қанында антиденелер бар-жоғын анықтау үшін скринингтік зерттеу жүргізу керек екенін алға тартты.

Оның айтуынша, мұндай зерттеулер елордада да, басқа елді мекендерде де жүргізілмеген.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирустың еркектерді белсіздікке ұшырататыны рас па

Сонымен бірге, ғылыми мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясындағы жаппай иммунитет осы инфекцияны жұқтырған немесе одан вакцина алған адамдардың саны 60%-дан немесе одан көп болған кезде қалыптасады.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 18 миллионнан астам адам тұрады. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 51 мыңнан асты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтар КВИ-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қашан қалыптастырады