Выйти
RU

Алматыда адамдар мәйітхананың алдына жаппай жиналуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда мәйітхана алдындағы адамдар легі таусылар емес. Олар көз жұмған туыстарын жер қойнына тапсыру үшін мәйітті алуға кезекке тұрды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ритуал д

Фото: KAZ.NUR.KZ

Алматылықтар мәйіттерді алу үшін бірнеше сағат күтуге мәжбүр, қалалық денсаулық сақтау басқармасы бюроға қабылданғаннан кейін 12 сағат ішінде мәйіт туыстарына тапсырылғанын айтады.

Қақпа маңында тұрған әйелдердің бірі пневмониядан қайтыс болған жақынының денесін алып кету үшін екі сағаттан астам уақыт күткенін жеткізді.

Адамдар туыстарын соңғы сапарға шығарып салу үшін кезек күтіп, туыстарының неден қайтыс болғандарын талқылауда.

Мұнда келген барлық қала тұрғындары маска киген, алайда әлеуметтік қашықтық сақталып жатыр деу қиын.

Кедергінің ар жағында қорғаныш костюм киген санитарлар кезекшілік етуде. Олар қайтыс болған адамның деректерін салыстырып, тіркейді, марқұмның туыстарын шақырады.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда үйлену тойы кезінде күтпеген жағдай орын алды (видео)

Мұнда әкелінгендердің тізімі қақпаның жанындағы стендке ілінеді. ҚДСБ-ның хабарлауынша, адамдар әртүрлі себептермен көз жұмған, олардың барлығы да коронавирус немесе пневмониядан қайтыс болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус анықталған Баталов елордадағы ауруханаға ауыстырылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда адамдар мәйітхананың алдына жаппай жиналуда