Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей әкімі коронавирустан жазылып шықты

Опубликовано:

Семей қаласының әкімі өзінің COVID-19-дан емделіп шыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ауру кезінде ол өзін-өзі оқшаулау режимін сақтап, дәрігерлердің кеңестерін орындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ермак Сәлімовтің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Семей әкімі коронавирустан жазылды
Фото: instagram.com/yermak.salimov.official: UGC

Сәлімовтың айтуынша, бұл режим оның жағдайына жақсы әсер еткен.

Әкімнің соңғы рет COVID-19-ға тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Сәлімов енді қызметіне қайта оралатынын айтып, өзіне қолдау білдірген отандастарына алғыс білдірді.

"COVID-19 анықтауға арналған соңғы тесттен кейін қатаң тәртіппен оқшауландым және дәрігерлердің талаптарын орындадым. Бұл шаралар денсаулығыма оң әсер етті, оны коронавирусты анықтауға арналған екінші тест көрсетті, ол теріс нәтиже берді", - деп жазды әкім.

Сөз соңында ол барлығын денсаулығына және жақын адамдарына жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ санитарлық қызметтердің талаптарын сақтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қауіпті індет салдарынан "Терісқақпай" театрының актері Дархан Дайырбектің қайтыс болғаны туралы суыт хабар жетті.

Айта кетейік, осыған дейін Дархан Дайырбектің аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз. Бұл ақпаратты журналист Жарылқап Қалыбай жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863988-semej-kimi-koronavirustan-zazylyp-sykty/

pixel