RU

Алматыға 1 миллионнан астам парацетамол жеткізілді

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен селекторлық жиын өткізді. Онда дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тоқтаусыз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері сөз болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Алматыға 1 миллионнан астам парацетамол жеткізілді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Өндірістік компаниялардың, дәріханалық желілердің және салалық қауымдастық өкілдері дәрілік құралдардың қоры мен оларды жоспарлы жеткізу туралы хабарлады.

"INKAR" ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова дәріханалардағы дәрі-дәрімектердің бар-жоғаны қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Кезектер бар, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек екенін ескере отырып, 20-25 адамнан артық кіргізбейміз. Науқастар саны көп, бірақ біз жағдайдың түзеліп келе жатқанын байқап отырмыз. Алматыға тауар тоқтаусыз келуде, "INKAR" ЖШС-не 1 млн астам парацетамол келді", — деді Әлия Ерімбетова.

Сонымен бірге, жүкті жөнелтуге байланысты адам факторы тұрғысынан үлкен қиындықтар бар. Соған қарамастан, қазір бүкіл кеңсе жұмыс істеп тұр, адамдар тауарды босатып алу үшін демалыссыз жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, Әлия Ерімбетова өнімнің сапасы әдеттегідей жоғары деңгейде екеніне сендірді.

"Біз барлық ауруханаларды тауарлармен қамтамасыз етеміз, базар мұндай сұранысқа ие болмады, антибиотиктер әдетте тек рецепт бойынша сатылған. Наурыз айынан бастап БАҚ-да көптеген жаман нәрселер жазылды, дегенмен, ел мен қала басшылығы жағдайды шешуге, жеңуге өте мүдделі деп санаймын, ол үшін көптеген дұрыс қадамдар жасалды.
Біз ұшақтарды ақысыз жеткізу ұйымын күтеміз — енді жеткізушіні таңдау қалады. Қазір үкімет бәріне қолайлы болу жолдарын қарастыруда – барлық мүмкін нәрсені тездетіп, жеңілдетуде. Өз кезегінде, өндірушілер халық үшін өткізу жүйесі жолға қойылған ескі компаниялардың жеткізуіне басымдық береді", — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ол дәріханаларда коронавирустық пандемияны ескере отырып, халық арасында ең танымал 41 дәрі-дәрмектің бар екендігі туралы түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеті қандай жағдайда қалыптасады деген сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863995-almatyga-1-millionnan-astam-paracetamol-zetkizildi.html